Lyrics

Бастауы асқақ арманның. Нәзігім күнге теңдес. Біз жайлы басқа жандардың. Білуі міндет емес. Қайырмасы. Армандаумен кезігуді. Ұмытатын көз ілуді. Өзің ғана біліп жүрші. Саған деген сезімімді. Сезім заңы қатал-ақ тым. Сынына төзу бір күш. Құпиясын махаббаттың. Ашудың өзі қылмыс. Қайырмасы. Армандаумен кезігуді. Ұмытатын көз ілуді. Өзің ғана біліп жүрші. Саған деген сезімімді. Жасырдық шын сырымызды. Терең, тереңіне. Сүйеміз бір-бірімізді. Басқаның керегі не. Қайырмасы. Армандаумен кезігуді. Ұмытатын көз ілуді. Өзің ғана біліп жүрші. Саған деген сезімімді.
Lyrics powered by www.musixmatch.com
Get up to 2 months free of Apple Music
instagramSharePathic_arrow_out